Logo
KAZAKHSTAN
TEMIR ZHOLY
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ жолаушылар порталы

Біздің Портал банктің төлем картасы көмегімен жеке және заңды тұлғалар үшін электронды жол жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдеу және төлеу бойынша  он-лайн қызметін ұсынады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Порталы:

- анықтамалық ақпаратты қалыптастырады: пойыздың алыстағы жол жүрісінің актуалды кестесін, пойыздағы бос орындар туралы мәліметтерді, вагон типіне, орнына, қосымша сервис және т.б. , темір жол билетінің бағасын, Қазақстан Республикасы және ТМД елдері бойынша пойыз жүрісінің бағдарын ;

- халықаралық және республикалық қатынас пойыздарында жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алу және мәлімметтерді өздігінен қарауға мүмкіндік береді.

Сатып алудан бұрынтөменде көрсетілген пайдалану және тіркелу ережелерімен танысуларыңызды сұраймыз.

1. Ортақ жағдай

2. Веб-портал міндеттері

3. Веб-порталда клиентті тіркеу

4. Интернет арқылы  темір жол билеттерін сатып алу

5. Тапсырыс тарихтарын көру

6. Сатып алынған билеттен бас  тарту

7. Компания және клиенттің міндеттері

 

1. Ортақ жағдай

1. Веб-порталда тіркелу және пайдалану ережелері (ары қарай-Портал) «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компания» Акционерлік қоғамы (ары қарай-Компания) ғаламдық Интернет желілері пайдаланушыларына банктік төлем карталарын пайдалану арқылы (ары қарай-билеттер) электронды темір жол құжаттарына төлем жүргізуді іске асыру, Күту парағы функциясын пайдалану, пойыздардағы бос орындар туралы мәліметтерді, жолаушылар пойызының жол жүруі туралы актуалды анықтамалық ақпарат  алу және тіркелу рәсімін реттейді.

2. Порталмен жұмыс істейтін барлық тұлғалар екі категорияға бөлінеді: тұтынушы (Клиенттер); әкімгерлер.

Жүйенің тұтынушылары болып табылатын Клиенттер - Интернет-сайт қонақтары, қажетті бағыттағы пойызға билет сатып алуына болады.  Өз кезегінде Клиенттерді екі санатқа бөлуге болады: физикалық және  заңды тұлғалар. Жеке заңды, өз төлем карточкасын қалаған бағыттағы пойызға билет алып соны төлей алады. Сонымен қатар заңды тұлға өзінің жеке кабинетінен электронды билет нөмірі және пойызға жолаушыны отырғызу фактісін растауын ала алатын қосымша реквизиттерін алуға болады.

Жүйе әкімшілері темір жол билеттерін қолжетімділігін қарауға, жедел және аналитикалық есептілікті қалыптастыруға, пайдаланушыларды басқаратын, темір жол билеттерінің дұрыстығын  тексеретін жедел басқару мамандары ; аудитор қызметін атқаратын, темір жол билеттерін сатып алу шегін орнататын және олардан бас тартуда айыппұл көлемін анықтайтын қаржы әкімгері болып табылады.

3. Осы Ереже Интернет арқылы он-лайн режимінде төлем карточкаларын пайдалана отырып, электронды темір жол билеттерін төлеу қызметтерін ұсыну бойынша Компанияның офертасы (ұсынысы) болып табылады.

4. Осы Ережеде келесі  терминдер қолданылады:

• ON-LINE - нақты уақыт режимі;

• АБЖ - Компания жолаушыларының тасымалдарын автоматты басқару жүйесі;

• сәйкестендіру - төлем карточкасын жұмыс істеуін, сондай-ақ Тапсырыс беруші өзінің лайықты иегері болып табылатынын анықтайтын операция;

• тіркеу – сұранысты қалыптастыру және транзакция жүргізуге рұқсат алу рәсімі;

• Клиент –Портал көмегімен электронды билеттерді сатып алуды іске асыратын пайдаланушы;;

• кіру - пайдаланушы идентификаторы;

• төлем карточкасы - электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткiзу құралы;

• Жүйе – Порталдың жұмыс істеуіне жауап беретін аппаратты- бағдарламалық технологиялар жиынтығы.

 

2. Портал міндеттері

5. Клиент порталында он-лайн режимде келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

• ақпараттық анықтаманы ұсынуға сұраныс жіберу  (алыс жолдарға жүретін пойыздардың кестесі, поездардағы қолжетімді бос орындар, пойыз типіне, орнына, қосымша сервистердің т.б. билетінің құны, Қазақстан Республикасы, сонымен қатар ТМД елдері бойынша пойыздардың жүріс бағыты);

• өздігінен делдал көмегінсіз Порталмен сұхбат режимінде пойызға отырғызуға халықаралық және республикалық қатынастар пойызына электронды билеттер алуға, (электронды тіркелімі бар пойыздарға) немесе қатаң есептілікті бланкідегі билеттерді алуға (егерде электронды тіркеусіз болған жағдайда) өзіне-өзі қызмет ету транзакциялық терминалдарында немесе темір жол кассаларында алуға болады.

• еркін сатылымда жоқ бос орынды сатып алмас үшін, өздігінен және делдал көмегінсіз Күту парағы функциясын пайдалану.

6. Портал Жүйесінде Клиенттің тіркелуінсіз анықтамалық-ақпараттық жүйе ретінде жұмыс істей алады, сонымен қатар оның жауаптары келесі мәліметтерден тұрады:
• актуальное on-line расписание движения пассажирских поездов;

Жолаушылар пойыздарының актуалды on-line кестесі;
• жол жүру құны;
•;бос орындар;
• пойыз бойынша ақпарат;
• станциялар бойынша кестелер

• пойыз жүрісінің бағыты
• қосымша ақпарат.

 

3. Клиентті тіркеу

Жеке тұлға

7. Тіркелу рәсімін орындау үшін Порталда «Тіркеу» мәзіріндегі пункт арналған. Порталда тіркелу кезінде Клиент өзінің жеке мәліметтерін қажетті аймақтарға толтырады:

*Міндетті аймақ
Логин*:; кіруге пайдаланатын пайдаланушы идентификаторы,
Құпиясөз*: ойдан құралған құпия сөз, яғни пайдаланушы осы құпия сөз арқылы кіре алады;
Құпиясөзді қайталау*: құпия сөзді енгізгенде қателік жібермеу үшін, құпия сөзді қайталау қажет;
Аты-жөні*: Клиенттің аты-жөні;
Электронды пошта мекен-жайы*: сатып алынған электронды билет туралы ақпаратты алуға арналған пайдаланушының электронды пошта мекен-жайы;
Ұялы телефон*: сатып алынған электронды билет туралы ақпаратты алуға арналған пайдаланушының ұялы телефоны;

Фото:  пайдаланушының  жеке суреті немесе аватары;
CAPTCHA*: ** боттардан сақтау коды.

** Автоматты тіркелуден қорғау үшін суретте көрсетілген төрт мағыналы сан енгізіледі. Егер саны бар картинка көрсетпесе, онда сурет көрсету браузері қосылғанын тексеру қажет. Сурет көрсетілгеннен кейін тіркелуге оралса болады. Егерде суреттегі санды анықтау қиын болса онда ұқсас санды енгізу қажет. Егер бұл да анықтауға көмектеспесе, қайтадан енгізуге әрекет ұсынылады.

8. Барлық аймақтарды толтырғаннан кейін «Тіркеу» батырмасын басу керек. Нәтижесінде Портал енгізілген мәліметтерге сараптама жүргізеді, егер мәліметтер базасында пайдаланушы енгізілген идентификатор жазбада бар болса, «Порталда осы идентификатормен тіркелген пайдаланушы бар» ескертуі шығады. Басқа логинді көрсету қажет.

9. Есеп жазбасы ойдағыдай тіркелген болса, онда Клиентке сәйкес хабарлама шығады. Клиенттің есеп жазбасы сілтемеге өткен кезде активтендіріледі, яғни тіркеу кезінде Клиент өзі көрсеткен электронды пошта мекен-жайына алады.

10. Егер де құпия сөз және/немесе пайдалунышының жоқ идентификаторы көрсетілген болса, Порталда ескерту шығады және есеп жазбасы мәліметтерін қайта енгізуді сұрайды. Құпия сөз үш рет қате енгізілген кейін, пайдаланушы бұғатталады. Бұғатты алу үшін пайдаланушы электронды поштаға жиберілген хаттағы сілтемені активтендіру керек.

Заңды тұлға
11. Тіркелу рәсімін орындау үшін Порталда «Жұмыс берушілер үшін» мәзіріндегі пункт арналған, яғни «Веб-порталда заңды тұлға ретінде тіркелу» батырмасын басу қажет. Порталда тіркелу кезінде Клиент өзінің жеке мәліметтерін қажетті аймақтарға толтырады. Клиентке 7 п. көрсетілген қажетті аймақтарды толтыру қажет, сонымен қатар:
Мекеме атауы*: заңды тұлғаның толық аты-жөні;
БИН*: заңды тұлға БСН.

12. Барлық аймақтарды толтырғаннан кейін «Тіркеу» батырмасын басу керек. Нәтижесінде Портал енгізілген мәліметтерге сараптама жүргізеді, егер мәліметтер базасында пайдаланушы енгізілген идентификатор жазбада бар болса, «Порталда осы идентификатормен тіркелген пайдаланушы бар» ескертуі шығады. Басқа логинді көрсету қажет.

13. Есеп жазбасы ойдағыдай тіркелген болса, онда Клиентке сәйкес хабарлама шығады. Клиенттің есеп жазбасы сілтемеге өткен кезде активтендіріледі, яғни тіркеу кезінде Клиент өзі көрсеткен электронды пошта мекен-жайына алады.

4. Интернет арқылы электронды билеттерді сатып алу

14. Клиенттерге электронды билеттерді сатып алу мүмкіндігін ұсыну Порталдың негізгі міндеті болып табылады. Электронды билеттерді сатып алу операциясы 7 кезеңнен тұрады:

1 кезең Клиент қажетті пойыздың жүріс бағытын және жіберу мерзімін көрсетеді (жүру және келу орындарын). Жүйе «Экспресс-3» АБЖ-не аударылады, яғни көрсетілген сұраныстарға сай  барлық пойыздар тізімін шығарады.
2 кезең Клиент тізімдегі пойызды таңдап, босы орындарға сұраныс жібереді. Жүйе «Экспресс-3» АБЖ-не аударылады, яғни көрсетілген сұраныстарға сай орындардың типтерін (вагон типі, орынның орналасуы және оның саны) көрсетеді.
3 кезең Пайдаланушы орындар тізімінен анықталған типтегі орынды таңдайды. «Экспресс-3» АБЖ-не аударылады, яғни толықтай анықталған типтегі орындарды және тарифтерін көрсетеді.
4 кезең Клиент сатып алатын орынды таңдап және электронды билеттердің санын көрсетеді.
5 кезең Клиент электронды билеттерді рәсімдейтін жолаушы туралы мәліметтерді енгізеді.
6 кезең Клиент электронды билеттерге  төлем жүргізуге төлем картасының параметрлерін енгізеді.
7 кезең  Жүйе  сатып алынған электронды билеттер туралы ақпаратты А4 форматындағы параққа шығарады және Клиенттің поштасына жіберіледі. Клиент А4 форматындағы форманы басып шығарып, пойызға отырғанда, темір жол билеттерін алғанда және өзіне-өзі қызмет көрсету транзакциялық терминалда көрсетеді.

Электронды билеттердің екі түрі болады:
• Электронды тіркелімі бар электронды билеттер формасы (Мысалы сілтемені қою);
• Тіркелімі жоқ электронды билеттер (Мысалы сілтемені қою);

Назар аударыңыз! Пойызға электронды билетпен отыру Қазақстан Республикасы аумағында ғана мүмкін.

Назар аударыңыз! Ескертеміз, «Тальго» типті пойыздарында есіктер автоматты режимде жүруге 5 мин қалғанда бұғатталады және жүріс кезінде қауіпсіздік үшін ашылмайды.

 

4.1. Жүріс бағытын таңдау

15. Жүріс бағытын таңдау үшін Клиент іздеуге мәліметтерді енгізу керек:
• пойыздың жіберілім станциясын (орыс тілінде);
• пойыздың белгіленген станциясын(орыс тілінде);
• жіберілім күнін КК/АА (күнтізбеде)

Назар аударыңыз! Егер жіберілу және белгіленген станциялар Қазақстан Республикасының аумағында болса, онда Астана уақыты көрсетіледі.

Егер жіберілу және белгіленген станциялар басқа мемлекеттерде болса, ережеге сай сол мемлекеттің уақыты көрсетіледі. Бірақ бір ерекшелік бар: мысалы, Петропавл қаласындағы темір жол станциясы «РТЖ» АҚ қарамағында болғандықтан, мәскеу уақыты бойынша жұмыс істейді.

Пойызға отыру электронды жол жүру құжаты  (билет) рәсімделген жеке куәлік және қағаз түрінде (А4 форматында) электронды жол жүру құжатын  (билетті) вагон  жолсерігіне көрсетілу арқылы іске асырылады.

Егер аты-жөні  сәйкес болмаған жағдайда, өзгертілген немесе түзетілген болса онда жолаушы пойызға жіберілмейді. Электронды жол жүру құжаттары  (билеттер)  басқа тұлғаларға берілмейді және қажетті құжатты көрсеткенде ғана жарамды. Электронды жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта сатып рұқсат етілмейді.

5. Электронды жол жүру құжаттарын (билеттерді) төлем жүргізу

Электронды жол жүру құжаттарын  (билеттерді) сатып алу тапсырысына ақы төлеу банктің төлем карталарының көмегімен жүзеге асырылады. Банк картасы бойынша төлеу тапсырыс расталғаннан кейін жүргізіледі. Тапсырысқа ақы төлеуі туралы шешім қабылдауға және банк картасының деректерін енгізуге 10 минут беріледі. Белгіленген уақыттан асып кеткен жағдайда, cіздің тапсырысыңыздың күші жойылады.

Тапсырысқа ақы төлеу кезінде банктің картасының келесі параметрлері енгізіледі: банк картасының нөмірі және әрекет ету мерзімі, сондай-ақ, үштаңбалы коды (CVV2 немесе CVC2). Интернет жүйесінде сіздің банк картаңыз бойынша ақы төлеу ерекшеліктері туралы түсініктемелер, төлемнен бас тарту себептері жөнінде банктің қызмет көрсету орталығына хабарласуыңыз қажет.

Тапсырысты төлемес бұрын, енгізілген ақпаратты мұқият тексеріңіз! Төленген тапсырыс белгіленген нысандағы электронды жол жүру құжаттарын  (билеттерді) алумен рәсімделуі тиіс.

Банк карточкасына ақша есептеу немесе есептен шығару кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда, өзіңіз банк карточкасының ұстаушысы болып табылатын банкке хабарласу қажет.

Төлем рәсімінің қауіпсіздігі (SSL) трафикті шифрлеу құралдарын қолданумен қамтамасыз етіледі.

6. Пайдаланылмаған электронды жол  жүру құжаттарын (билеттерді) және тиесілі ақша қаражатын қайтару

Жолаушының жол жүру сапарынан бас тартуы кезінде билет кассасынан міндетті түрде алдын ала шығарылған жол жүру құжаты қайтарылып беріледі. Темір жол билетін қайтару үшін жеке басты куәландыратын құжат (немесе куәлік) болуы тиіс. 

қшалай төлемдер тiзiмi үшiн билет кассасына шығарылған жол жүру құжатын қайтару қажет. 
Жол жүру құжатын билет кассирі ала алады, жолаушының қолына орнын қайтарып бергендігін дәлелдейтін қосымша құжат беріледі
(7-30 жұмыс күн ішінде). Ақша төлемдерін жол жүру құжаттарына төлемақы өтелген банк карточкасына жолаушыларға аударады. 

Жол жүру құжатын қайтару кезінде ақшаның қайтарымы туралы мобильді телефонға хабарлама келмейді. Балансты банкомат арқылы тексеру немесе төлем құжатын (билетті) сатып алған күннен бастап банктен (банктік, төлем карточкалық) есеп шотты алу қажет.

Пайдаланылмаған электронды жол жүру құжаты Қазақстан Республикасы аумағындағы кассада, яғни орнатылған мерзімге сәйкес Қазақстан Республикасы аумағындағы билет кассаларында, электронды билеттерді немесе нөмірлерін көрсеткенде, сонымен қатар қайтарым мерзімімен сәйкес жолаушының  жеке куәлігі арқылы іске асырылады.


Пайдаланбаған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) ақшасы жолаушының ауызша арызының негізінде вокзал бастығының немесе кезекші өкімгердің өкімі бойынша қолхатпен қайтарылады. Көрсетілген жол жүру құжаттарын (билеттерін) вокзал бастығы немесе вокзал бойынша кезекші сызып тастау арқылы жояды, оларға тиісті белгі қойылады. 

 - жол жүру бағасының толық құны- пойыз жүрерден 24 сағат бұрын; 
 - билеттің бағасы және 50% плацкарттың бағасы- 24 сағаттан кем, пойыз жүруге 6 сағат қалғанда; 
 - билет құны, соның ішінде, плацкарттың бағасы ұстап қалынады- пойыз жүруге 6 қалғанда және пойыз жүріп кеткеннен кейін, яғни 3 сағаттан кейін.

Қолданылмаған темір жол билеттері кезінде жолаушыдан төлемақы (әр орын үшін) алынады. Темір жол билетін рәсімдеу кезіндегі төлемақылар қайтарылмайды. Темір жол билетін қайтару үшін жеке басын куәландыратын құжат (немесе куәлік) болуы тиіс.

Төлемді қайтару кінәрат-талап тәртібі арқылы

Пайдаланушылардың өтініштері кінәрат-талап тәртібі арқылы   қабылданады. Өтінішті жүктеу: ApplExample.docx 

Толтырылған өтініш формасын мына мекен-жайларға жіберуіңізге болады:

- пошта арқылы: Астана қ. Гете11 көш. «Солтүстік» жолаушылар тасымалы бойынша аймақтық филиал;

- тел. 8 (7172) 93-23-89, 93-27-06;

- пошта арқылы: Алматы қ. Тобаякова 2/1 көш. «Оңтүстік» жолаушылар тасымалы бойынша аймақтық филиал;

- тел. 8 (727) 296-16-68, 296-11-41, 296-12-98;

- Ақтөбе қ. Станционная 11 В көш. «Батыс» жолаушылар тасымалы бойынша аймақтық филиал;

- тел. 8 (7132) 97-64-24, 97-60-22;

- Астана қ. Қонаев 6 көш. 6 блок, «Жолаушылар тасымалы» АҚ

- электронды пошта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

- тел/факс: 8 (7172) 600-193.  Сіздің өтінішіңіздің түсуі туралы ақпаратты мына нөмір арқылы білуге болады: 8 (7172) 600-117.

Интернет арқылы сатып алынған билеттерге байланысты барлық сауалдар мына электронды мекен-жай арқылы алуға болады: www.kz. Жұмыс кестесі: тәулік бойы.

7. Компанияның және Клиенттердің міндеттері:

Компанияның міндеттері:
• Ойдағыдай тіркелген Клиенттерге қызметке мүмкіндік беру. Клиенттің сәйкестендіру ретінде логин және құпия сөз қолданылады.
• Клиентті Қызметтердің мазмұнының өзгергені, Қызметті пайдалану және Порталда пайдалану ережелеріндегі сәйкес хабарламалар орналастыру жолымен Қызметті төлеу жолдары туралы  және жолаушыларды ақпараттандыру.
• Техникалық қызмет көрсету орталығы жыл бойы 24 сағат қаматамасыз етеді. Клиенттерге қызмет көрсету ХХХХ электронды мекен-жай  және келесі нөмірлер бойынша 8-(7172)-60-66-56; 8-(7172)-60-66-60 іске асады.

Клиенттің міндеттері:
• Өздігінен аппаратты және бағдарламалық қамтамасыз ету Қызметіне мүмкіндік үшін пайдалануды реттеу.

• Тіркелуді өздігінен немесе Компания Операторларының кеңесімен іске асыру .
• Билеттерге тапсырыс бергенде жәнесатып алғанда дұрыс мәліметтерді  көрсету керек, сонымен қатар үшінші тұлғаға логинді айтпау керек.
•Компания қызметтерімен Қазақстан Республикасының заңнамасының заң нормаларына және осы Ережелерге сәйкес  пайдалану керек.

Екі жақтың міндеттері:
• Компания дұрыс емес деректерге түсінік берумен туындаған жоғалуларға өтемейді және ещқандай жауапкершілікті алмайды.
• Компания Клиенттің жол жүру жағдайларының өзгеруіне жауапкершілікті алмайды. Клиент өздігінен жол жүру құжаттарын қайтару Ережелеріне сай қайтару кассасына қолданылмаған билеттерді қайтаруны болады.
• Клиент Компанияның қызметтерін пайдалануымен байланысты  тәуекелдерді және толық жауапкершілікті өз мойнына алады.
• Компания осы Қызметтерді ұсынумен байланысты ешқандай кепілді міндеттемелерге жауапты емес.
• Екі жақ  толықтай немесе жартылай жауапкершіліктен босатылады, яғни еңсерілмейтін күш жағдайымен байланысты болса: өрт, тасқын, жер сілкіну, электр энергиясының  , мәліметтерді жіберу жүйесінің жұмысының және басқа да ауытқулар, яғни Екі жақтың бақылауынан тыс жағдайларда.

FaLang translation system by Faboba
Скачать на google play Скачать в appstore
Информационный сервис КПСиСУ ГП РК