Logo
KAZAKHSTAN
TEMIR ZHOLY
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ жолаушылар порталы
Артқа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы №852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 46-тармағына сәйкес жарамсыз құжаттарды уәкілетті мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жеке басты куәландыратын жарамсыз құжаттармен кесіп өткен кезде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің алып қоюына жатады.
Қағидалардың 29-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттар:
1) онда осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген деректер болмаған;
2) олардың қолданылу мерзімі өткен;
3) осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген деректерді не қорғау дәрежесін сәйкестендіру мүмкін болмаған;
4) құжат жоғалғанда, өтініш иесі уәкілетті мемлекеттік органға өтініш берген күннен бастап;
5) иесінің құқықтық мәртебесі сәйкес келмеген;
6) жынысын өзгерткен жағдайларда жарамсыз болып табылады және өткізіп, ауыстыруға жатады.

Қағидалардың 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекеттің меншігі болып табылады және мынадай деректерді:
1) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
2) туған күнін, айын, жылын және жерін;
3) жынысын;
4) қай ұлтқа жататынын – осы Қағидалардың 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарда иесінің қалауы бойынша;
5) азаматтығын;
6) фотосуретін;
7) құжатты берген органның атауын;
8) құжаттың берілген күнін, айын, жылын, нөмірін, қолданылу мерзімін;
9) құжаттар иесінің қолын;
10) жеке сәйкестендіру нөмірін (босқынның куәлігін қоспағанда) қамтиды.

FaLang translation system by Faboba
Скачать на google play Скачать в appstore
Информационный сервис КПСиСУ ГП РК