Logo
KAZAKHSTAN
TEMIR ZHOLY
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ жолаушылар порталы

Ертіске Алтайдан келіп құятын Бұқтырманы бұқтыра салған ГЭС құрылысы 1960 жылы салынды. Ол ШҚО орталығы Өскеменнен 100 шақырым жерде. Қазір тек су тасқынының алдын алып қана қоймай, Ертісте кеменің жүзуін ретке келтіреді. Бұқтырма су қоймасы Шығыс Қазақстанның туристік нысанына да айналған.

Оның аумағы шамамен 5,5 мың шаршы шақырым және орташа тереңдігі 9,5 м. Шартты түрде екіге бөледі: өзендік (Қара ертіс және оның салалары - Бұқтырманың басы, Нарын, Моншақұр сарқырамасы) және Зайсан көлі (судың көптеп жиналуынан өзеннің ірі көлге айналуы). Су қоймасының айналасы қайың, самырсын, балқарағай өскен Алтай тауының сілемдері.

Ертіс пен оның тармақтарын балықшылар үшін жұмақ мекен десе де болады. Шортан, табан, алабұға, қараауыз, сазан, аққайран, бахтах, лақа, мөңке, көксерке және тағы басқа балықтың түр түрі бар. Су қойманың жағасына 20 астам демалыс орны салынған. Тек еліміз ғана емес, шетелдіктерді қонақ қып күтуге дайын. Ел көп баратын демалыс орны - су қоймасының сол ағындағы Жаңа Бұқтырма кенті.

Еліміздегі тұщы су қорының 40% (ШҚО) Шығыс Қазақстан облысында. Санақ бойынша ұзындығы кем дегенде 10 шақырым болатын 900 жуық өзен, көлемі 1 гектардан асатын 1000-дай көл бар.

FaLang translation system by Faboba
Скачать на google play Скачать в appstore
Информационный сервис КПСиСУ ГП РК