Logo
KAZAKHSTAN
TEMIR ZHOLY
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ жолаушылар порталы

«Хазірет сұлтан» кесенесі ежелгі Түркістан қаласының территориясында (ОҚО) орналасқан және мұражай-қорықтың негізгі нысаны. Түркістан – Ұлы Жібек жолы бойында тұрған, орта ғасырда түркі әлемінің саяси және мәдени орталығы, қазақ хандығының ежелгі астанасы болған көне қалалардың бірі.

Сұлу сәулетті кешен әйгілі ақын, сопы, өлкенің мұсылмандарының рухани көсемі өмірден өткеннен кейін, 200 жылдан кейін тұрғызылған. Қожа Ахмет Йассауидің зираты үстіне кесене 14-15 ғасырдағы Орта Азияның ержүрек қолбасшысы Әмір-Темірдің бұйрығымен салынған. Құрылыс қаһарлы жаулаушы дүние салғаннан кейін де жалғасып, толық аяқталған.

Кешеннің құрылыс жұмысына Парсының ең үздік сәулетшілері заманының озық технологияларын пайдалана отырып 10 жылын сарп етті. Кесене 30-дан астам әр түрлі бөлмелерден тұрады. Атап айтқанда, орталық зал, Йассауидің қабірі, мешіт, монша, асхана, кітапхана, медресе (мектеп), т.б. Кесененің басты ерекшеліктерінің бірі – ішіне 2 тонна су сыятын тай-қазан. Қазандағы суды жұма намаздан кейін діндарларға таратады.

Аңызға сенсек, ойшылдың зиратының үстіне тұрғызылған алғашқы ғимарат сәтсіз болған екен. Әр жолы қаланған қабырғалар құлай берген. Кейін Әмір-Темірдің түсіне енген әулие алдымен Йссауидың ұстазы Арыстан-бабтың басына кесене орнату керектігі жөнінде аян береді. Бұл ғимарат та «Хазірет сұлтан» тарихи-мәдени музей-қорығының құрамына кіреді.

Қожа Ахмет Йассауи кесенесі ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне енген.

FaLang translation system by Faboba
Скачать на google play Скачать в appstore
Информационный сервис КПСиСУ ГП РК